+7 (727) 267-28-83

3 том

2024 жылғы 27 желтоқсан ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында көрнекті қазақ жазушысы Мағаз Разданұлының туғанына 100 жыл толуына орай жазушының Қытайда өткен таңдамалы 3 томының тұсаукесері өтті.

Шараны модератор – белгілі жазушы, зерттеуші Жәди Шәкенұлы жүргізді.

Іс-шарада Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қасымхан Бегманов; жазушы филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрдәулет Ақыш; ақын Әділғазы Қайырбеков; профессор Нәбижан Мұхамедханұлы; жазушы, этногроф Болат Бопайұлы сынды бірқатар зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, Қытай қазақтары жазба әдебиетінің негізін салушылардың бірі Мағаз Разданұлы шығармашылығы жөнінде пікірлерін ортаға салды.

Шараға Қазақстан Жазушылар одағы мүшелері, қаламгерлер және зиялы қауым өкілдері мен жазушының ұрпақтары және кітапхана оқырмандары қатысты.

3 том 1   3 том 3   3 том 2   3 том 4