24 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі түрік агенттігінің (ТИКА) вице-президенті Үміт Наджи Йорулмазбен және Қазақстандағы ТИКА өкілдері Хикмет Өзденоғлу және Мехмет Байракпен кездесті.
Кездесудің мақсаты – Түркияның кітап бұрышымен танысу және оны одан әрі жаңғырту.
Кездесу барысында қонақтар Әлем әдебиеті залы мен Түркияның кітап бұрышын аралап, оны жаңғырту мәселелерін талқылап, ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындады.