20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанова мен Ресей Ұлттық кітапханасының директоры Д. О. Цыпкин (Санкт-Петербург) мәдениет, ғылым және білім берудің бірыңғай кеңістігін дамыту бойынша Еуразиялық өзара іс-қимылды нығайту және жетілдіру мақсатында, сондай-ақ кітапханалар арасында жасалған ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес онлайн форматта жұмыс кездесуін өткізді.
Сондай-ақ, кездесуге ҚР Ұлттық кітапханасынан: директордың кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Х. Юсупова және директордың ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Н.А. Искалиева, Ресей Ұлттық кітапханасынан: бас директордың кітапхана жұмысы жөніндегі орынбасары С. Б. Голубцов, ұлттық әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі Ш. С. Жабко, ғылыми-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі И.А. Трушина қатысты.
Кездесу барысында Ресей Ұлттық кітапханасы келесі тақырыптар бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарын ұсынды: Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы; Ұлы Отан соғысы бойынша библиографиялық көрсеткіш жасау үшін материалдар жинау; кітап құжаттарын қалпына келтіру және сақтау және кітапханалар арасында кітап алмасу және т. б.