+7 (727) 267-28-83

100

Әзербайжан Республикасының астанасы Баку қаласындағы іс-сапар аясында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы Баку мемлекеттік университетінде өткен Әзербайжанның тұңғыш президенті, мемлекет қайраткері Гейдар Әлиевті еске алу күніне орай университет жарыққа шығарған «Гейдар Алиев – 100: библиографиялық анықтамалық көрсеткіштің» тұсаукесер рәсіміне қатысты.

Университет ректоры және кітап авторы Эльчин Бабаев ұлы көшбасшы Гейдар Әлиевтің Әзербайжан тарихында терең із қалдырған көрнекті көшбасшы, дана саясаткер және халқымыздың ұлттық даму жолының бас сәулетшісі екенін атап өтті. Көрсеткіш Гейдар Әлиевтің мұрасын және әзірбайжан идеясын зерттеу мен насихаттауға қосылған үлкен үлес.

Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (Түрской) бас хатшысы Сұлтан Раев Ұлт көшбасшысының тек Әзірбайжанның ғана емес, түркі әлемінің ұлы перзенті екеніне тоқталды. Ол ұлы көшбасшының ТҮРКСОЙ ұйымын құруда маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Сонымен қатар, Сұлтан Раев және Эльчин Бабаев екі ұйым арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі келісім-шартқа қол қойды.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы өз сөзінде Гейдар Әлиевке арналған анықтамалық көрсеткіштің ақпараттық маңыздылығын және жалпыұлттық көсемнің өмірі мен шығармашылығын зерделеуге арналған құнды дереккөз екенін айтып өтті.

Бақытжамал Қайырбекқызы Баку қаласына келген сапар мақсаты, Түркітілдес елдердің ұлттық кітапханаларының директорлары конференциясының отырысы және жаңадан құрылған Түркі әлемі ұлттық кітапханаларының бірлестігіның қызметі мен түркітілдес халықтардың ортақ құндылықтарын сақтау мен таратудағы маңызы туралы қысқаша ақпарат берді. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық кітапханасының қызметі, республика кітапханаларына ғылыми-әдістемелік орталығы ретінде атқарылып жатқан жұмыстары, соның ішінде дуалды білім беру жүйесі бойынша, Каталогизатор мектебі, Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебі туралы толықтай мәліметтермен бөлісті.

Шараға ТҮРКСОЙ ұйымының өкілдері, Түркітілдес елдердің ұлттық кітапханаларының директорлары конференциясының қатысушылары –Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Венгрия, Солтүстік Кипр және т.б. елдердің ұлттық кітапханаларының басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, университет оқытушылары мен профессорлары қатысты.

100 2   100 6   100 5
100 3   100 4   100 1