+7 (727) 267-28-83

101224

Ү.ж. 10 желтоқсанда Әзербайжан Ұлттық кітапханасында Түркітілдес елдердің ұлттық кітапханаларының директорлары конференциясының құрылтай отырысы өтті.

Конференцияға ТҮРКСОЙ ұйымы, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Венгрия, Солтүстік Кипр және т.б. елдердің ұлттық кітапханаларының басшылары қатысты.

Іс-шараны Әзірбайжан Ұлттық кітапханасының директоры, профессор Керім Тахиров ашып, құттықтау сөз сөйледі.

Ол 1993 жылы құрылған түркітілдес елдердің ұлттық кітапханалары директорларының ұйымы Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстанда көптеген кездесулер өткізгенін атап өтті. Алайда, бұл ұйымның ресми мәртебесі жоқ. Қазіргі отырыстың негізгі мақсаты – ұйымның одан әрі тағдырын анықтау және оның ресми мәртебесін нақтылау. Оның басты мақсаты – түркі әлемі мен түркітілдес халықтардың ұлттық-рухани құндылықтарын сақтау мен болашақ ұрпаққа беруде ерекше маңызды рөл атқаратын ұлттық кітапханалардың қызметін үйлестіру; түрлі бірлескен жобаларды іске асыру және әлемдік ауқымда түрк імәдениеті мұрасын насихаттау болып табылатынын баса атап өтті.

Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрі Адиль Керимли өз сөзінде түркі әлемін біріктіретін құндылықтарды сақтауға бағытталған қызметтің зор маңызын атап өте келе, бұл ұйымды Түркі әлемі ұлттық кітапханаларының бірлестігі деп атауды және жоғары органы ретінде осы бірлестік құрамында Директорлар кеңесін құруды ұсынды.

Сонымен қатар, сөз сөйлеген депутаттар, Әзербайжан Милли Мәжілісінің, Ұлттық Ғылым академиясының өкілдері аталмыш ұйымды құрудың маңыздылығы мен түркітілдес елдердің ортақ құндылықтарын сақтау мен насихаттаудағы кітапханалардың рөлін атап өтті.

ТҮРКСОЙ халықаралық мәдени ұйымының Бас хатшысы, профессор Сұлтан Раев ұйымның құрылуын түрік мәдениетінің бай аспектілерін ашудағы үлкен қадамдеп бағалады. Ол өз сөзінде мәдениеттің сабақтастығын қамтамасыз ететін кітапханалардың қысқаша тарихына тоқталып, үйымның басты міндетіне назар аударды: «Жалпы маңызды міндет –халықтардың тарихи және рухани жадын сақтау орталығы болып табылатын кітапханаларды толықтыру. Қазіргі ұйым түркі әлемінің біртұтас құндылықтарын сақтауға, олардың толыққанды өмір сүруін қамтамасыз етуге және оларды қорғаудың кең перспективаларын ұсынуға тырысады».

Сұлтан Раев және Керім Тахиров ұйымның «Түркі әлемінің ұлттық кітапханаларының бірлестігі» болып аталуы болашақта оған Венгрия мен Моңғолияның, сондай-ақ Ресей Федерациясының түркітілдес республикаларының кіруіне мүмкіндіктер ашатынынжәне тұтастай алғанда ұйымның ауқымын кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ұйымның келесі отырысын Анкарада өткізу ұсынылды.

Қазақстан Респбуликсы Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова өз сөзінде «түркі халқының көп ғасырлық тарихы әлемдік өркениеттің қазынасына енген бай мәдени мұра мен мәдени құндылықтарға ие, біз құзыретті ұйым құрып, мақсаттары мен міндеттерін анықтап, кәсіби мәселелерді шешу үшін жыл сайынғы жиналыстар ұйымдастырып, сонымен бірге басқа шет елдермен мәдени дипломатиялық қатынастар орнатуымыз керек», - деп айтып өтті.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғазиза Нұрғалиева бірлестіктің нақты жұмыс жоспарының болуы және ұйымның қызметі жүйелі түрде жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтті.

Отырыс соңында төраға лауазымына профессор Керім Тахировтың кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан қабылданды.

Профессор Керім Тахиров отырысқа қатысушыларға алғысын білдіріп, жақын арада ұйымның жарғысы келісілетінін атап өтті, келесі кездесу Анкарада өтетінін еске салып, қонақтар мен қатысушыларға табыс тіледі.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова Әзербайжан Ұлттық кітапханасының қорына 2003 жылы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасының халықаралық тізіліміне енгізілген Ходжа Ахмет Яссауи шәкірті Сүлейман Бақырғанидің XVI ғасырдағы «ХикматХазирет Сұлтан Әл-Гарифин» қолжазбасының факсимиле кітабын сыйға тартты.

101224 3   101224 2   101224 1
101224 4   101224 5   101224 6