2024 жылғы 10 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Д.Т. Дүйсебаева онлайн форматта Челябинск мемлекеттік мәдениет институты ұйымдастырған «Библиокультура: Библиотека и читатели в поисках новых смыслов» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияға қатыстып, «Опыт подготовки библиотечных кадров в Республике Казахстан» тақырыбы бойынша баяндама жасады.
Ол «Кітапхана ісі» мамандығының дуалды оқыту жүйесі бойынша ҚР Ұлттық кітапханасының тәжірибесімен бөлісіп, Каталогизатор мектебі мен Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінің жұмысы бойынша, Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК және Челябинск мәдениет және өнер институтының бакалавриат және магистратура бағыттары бойынша кітапхана кадрларын даярлау, қайта даярлау курстары жөніндегі ұзақмерзімді жобасы туралы айтып берді.
Конференция жұмысына Челябинск және Минск мемлекеттік мәдениет институттарының ғалымдары мен оқытушылары, Қазақстан, Ресей және Беларусь кітапханаларының басшылары мен мамандары қатысты.