+7 (727) 267-28-83

объектив гл

2024 жылдың 6 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының Ақпарат ресурстар қызметінің жетекшісі Сыдықжанова Флора Өскенбайқызы мен Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметінің кітапханашысы Акимбекова Перизат Тоқтаржанқызы Тәуелсіз күні мерекесіне орай ҚР Тұңғыш Президентінің музейі және ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің ұйымдастыруымен өткен «Объектив арқылы экранға: «Алматы –Тәуелсіздіктің Алтын бесігі» іс-шараға қатысып келді.

Іс-шара аясында «Қазақфильм» киностудияның Алматы қаласының тарихы туралы шағын деректі фильм көрсетіліп, фотоқұжаттар көрмесі қойылды.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорына «Путеводитель по фотодокументам из фондов личного происхождения» кітабы мен «Объективте және экранда: Алматы – Тәуелсіздіктің Алтын бесігі» фотокарталар жинағы сыйға тартты.

объектив 1   объектив 2   объектив 3   объектив 4