+7 (727) 267-28-83

06 гл

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына «Тұңғыш Президент Музейі» корпоративтік қорының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ақтаева Күлайша Қабдуалиқызы арнайы іс-сапарымен келді.

Іс-сапар аясында Ақтаева Күлайша Қабдуалиқызы Ұлттық кітапхананың директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызымен кездесіп екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша пікірлесті. Кітапхана директоры кітапхана тарнихы, кітап қоры, құрылымы туралы қысқаша ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, Ақтаева Күлайша Қабдуалиқызы және музей қызметкерлері кітапхана ұжымымен кездесіп, «Тұңғыш Президент Музейі» корпоративтік қорының жұмысына тоқталды, екі мекеменің алдағы уақытта бірлесе атқаратын жоспарларына сәттілік тіледі.

Жиын соңында Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы және «Тұңғыш Президент Музейі» корпоративтік қорының директоры Ақтаева Күлайша Қабдуалиқызы екі мекеме арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

06 1   06 2   06 3