+7 (727) 267-28-83

атакент гл

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Баспа қызметі 2024 жылдың 20-22 қарашасы аралығында Алматы қаласында «Атакент» көрме орталығында  өткен «Ұлы Жібек Жолымен»  атты XII Халықаралық кітап және полиграфия көрмесіне қатысты.

Көрме Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және Алматы қаласы Әкімдігінің ресми қолауымен өтті. Оны Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, Қазақстандағы баспагерлер, полиграфистер және кітаптаратушылар қауымдастығы, Тәуелсіз мемлекеттердің баспагерлер қауымдастығы ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты – қазақстандықтарды полиграфиялық және баспа қызметінің жаңа өнімдерімен таныстыру: кітаптар, журналдар, газеттер, плакаттар, ашық хаттар және соңғы екі жылда жарық көрген басқа да басылымдар.

Ұлттық кітапханасының Баспа қызметі кітап көрмелері мен жәрмеңкелерінің тұрақты қатысушысы ретінде өз стендінде 100-ден аса баспа өнімдерін: Қазақстанның мемлекеттілігі, дипломатиясы, археология және этнографиясының тарихы, көркем әдебиеті туралы библиографиялық көрсеткіштерін; еліміздің көрнекті қайраткерлері А. Байтұрсынов,                                  О.   Жандосов,  М.О. Әуезов, К. Тоқаев, Қ-Ж. Тоқаев, М.М. Әуезов, С. Зиманов, Р. Бағланова, С. Мұхамеджанов, Е. Хасанғалиев, С. Ударцев т.б. арналған тарихи-мәдени циклдық библиографиялық көрсеткіштерін ұсынды. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының 2025 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі», «Қазақстан туралы жаңа әдебиеттер»: 2023-24 ж. газет және журнал мақалаларының ұсыныстық көрсеткіші  қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, «Кітап және кітапхана» кәсіби журналы ұсынылды.

Көрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде Ресей, Қытай, Түркия, Өзбекстан, Үндістан және т.б. елдерден 100-ден астам қатысушы жиналды. Көрме аясында полиграфиялық қызметтер мен құрал-жабдықтардың көрсетілімі, түрлі баспа өнімдерінің сатылымы, кәсіби семинарлар мен дәрістер, баспагерлер, кітап таратушылар және оқырмандардың қазіргі танымал жазушылармен кездесулері ұйымдастырылды.   

Көрме кәсіби мамандармен қатар жастардың да  аса қызығушылығын тудырды.

атакент 1   атакент 2   атакент 3   атакент 4
атакент 5   атакент 6   атакент 7   атакент 8