+7 (727) 267-28-83

анна гл

2024 жылғы 6 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында белгілі психоаналитик Анна Құдияровамен кездесу және «Үнсіз педофилия» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Шараның мақсаты – жастардың қоғамға бейімделу барысындағы психологиялық сауаттылығын арттыру.

Анна Құдиярованың «Үнсіз педофилия» кітабында қазіргі заманның ең күрделі әлеуметтік және психологиялық мәселесі – кәмілеттік жасқа толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсету тақырыбы баяндалады.

Кітап педофилия мәселесін терең түсінгісі келетін және оның алдын алуды көздейтін ізденушілерге, ата-ананаларға, ұстаздарға, мектеп психологтарына, практик психологтарға және барша оқырман қауымға азық болары сөзсіз.

Шараны модератор - белгілі диктор, ҚР Мәдениет қайраткері Серіков Аманжан Еңсебайұлы жүргізді.

Шарада кітап авторы Анна Құдиярова; адам құқықтары жөніндегі заңгер Ләззат Рақышева; адвокат Берсинбаев Раджан; сот-психолог Маржан Жомартова және т.б. мамандар адам, отбасы, қоғамдағы түрлі құбылыстардың себебі мен әлеуметтік мәселелер, ұрпақ тәрбиесі, жастардың отбасын құруға дайындығы және т.б. мәселелер жөнінде сөз қозғады.

Қатысушылар: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» факультетінің студенттері, ҚР Ұлттық ұланының психолог-мамандары, кітапханашылар, жастар және т.б.

анна 1   анна 2   анна 3
анна 4   анна 5   анна 6