2024 жылғы 23-25 қазан аралығында ҚР Ұлттық кітапханасының Консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметінің жетекшісі Шоманова Аида Мұратқызы және реставратор-маманы Смағұлова Мақпал М.И.Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасында ұйымдастырылған «Сақтау аспектісіндегі кітап ескерткіштері» атты VIII Пәнаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Конференцияның мақсаты – ресейлік және әлемдік әдістерді, материалдар мен технологияларды дамытудың заманауи тенденциялары жағдайында кітап ескерткіштерімен және кітапхана қорларымен жұмыс жасайтынмамандар арасындағы кәсіби диалог орнату.
Бұл алаң арқылы сарапшылар өз жетістіктері туралы айтып, ал жаңадан бастаған мамандар кәсіби ортада өзін-өзі танытып, өз әлеуетін аша алды, жаңа білім мен пайдалы ілім алды.
Конференция барысында А.М. Шоманова «Превентивті консервация – кітапхана қорының сақталымын қамтамасыз етудің маңызды аспектісі» атты баяндама жасады.
Баяндамада құжаттардың кешенді қорғалуын қамтамасыз ету, сақтаудың нормативтік жағдайларын жасау және фазалық сақтауды пайдалану арқылы ескіру процестерін бәсеңдетуге бағытталған құжаттық мұраны сақтау туралы ақпарат ұсынылды.
Конференция жұмысына қор сақтаушылар мен зерттеушілер, реставраторлар, қордың сақталуынқамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын Ресей, Иран, Қазақстан және Беларусь кітапханаларының, мұражайлары мен мұрағаттарының мамандары қатысты.