+7 (727) 267-28-83

апк гл

2024 жылғы 30 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, Ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Нурия Аманғалиқызы, Консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметінің жетекшісі Шоманова Аида Мұратқызы және Сыртқы байланыстар және имидждік жұмыстар қызметінің маманы Кабдрашитов Ерден Серікханұлы Принтмедиа технологиялар колледжі ұйымдастырған «Жаңа трендтегі озық технологияларды полиграфиялық оқу үрдісіне пайдалану» атты дөңгелек үстеліне қатысты.

Шараның мақсаты: білім саласындағы тенденцияларды ескере отырып, білім беру үрдісінің даму тенденцияларын талдау және болжау.

Шара барысында Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы оқу процесінде баспа құжаттарын консервациялау және қалпына келтіру мәселелері бойынша өткізілетін оқу тәжірибесі мен Принтмедиа технологиялар колледж және ҚР Ұлттық кітапханасы арасындағы ынтымақтастық жөнінде сөз қозғады.

Дөңгелек үстел аясында «Ғылым ордасы» РМК, Принтмедиа технологиялар колледжі және ҚР Ұлттық палатасы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық жөніндегі үшжақты келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ, шара соңында қатысушыларға баспа құжаттарды қалпына келтіру және жөндеу бойынша шеберлік сабағы ұсынылды.

Шараға орта және ірі баспа мен полиграфиялық өндіріс басшылары, технологтар, дизайнерлер, өзге де сала мамандары қатысты.

апк 1   апк 3   апк 2   апк 4
апк 8   апк 5   апк 6   апк 7