2024 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «24 қазан - Кітапханашы күні» мерекесіне орай «Жас маман –болашаққа бас қадам» атты ашық есік күні өтті.
Шара барысында білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалауда кітапханашы мамандығының қажеттілігі мен маңыздылығын айқындау, қоғамдағы рөлін арттыру, кәсіби беделін көтеру, болашақ жас кітапханашыларды осы саланың білікті маманы болу сынды тақырыптарда сөз қозғалды.
Ашық есік күнін ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы құттықтау сөзбен ашты.
Шараны Ғылыми-әдістемелік қызметінің маманы Қанат Алтынбек жүргізді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушысы т.ғ.к. Асанова Баян Сүлейменқызы мен Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы п.ғ.к. Нұржанова Гүлмира Исатайқызы университет пен кітапхана арасындағы тығыз қарым-қатынас пен дуалды білім беру жүйесі турасында сөз сөйледі.
Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорының атынан кітапхана қызметкерлеріне алғыс хаты табысталды. Сонымен қатар арнайы оқытушылар тарапынан студенттерге мамандық мәртебесі турасында жан-жақты мағлұматтар айтылды.
Ұлттық кітапханасында ұзақ жылдардан бері қажырлы еңбек етіп келе жатқан Изамбекова Қаншайым Мұсақызы бастаған мамандар студенттер тарапынан қойылған сауалдарға толық жауап беріп, белсене атсалысқан студенттерге арнайы кітаптар үлестірілді
Ғылыми-әдістемелік қызметінің жас маманы Әбдірәлі Сымбат «ОйLIKE» атты интеллектуалды ойынын ұйымдастырды.
Кітапханашы мамандарға арналған өлеңді кітапхананың жас маманы Ескендір Нұрдәулет оқыды.
Шара соңы кітапхананың маманы Ақмарал Ердәулетованың орындауында «Аман бол елім» атты әнімен аяқталды.
Қатысушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 6В03205 «Кітапханалық ақпараттық жүйелер», Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 6В03201 «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы және Қаскелең мәдениет колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша білім алушы 1 курс студенттері мен оқытушылары, кітапхана мамандары.