23 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Республика күніне орай ұйымдастырған «Менің Республикам - Қазақстан» атты кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары: Қорларды сақтау қызметінің жетекшісі Бектурбекова Фатима Құралбекқызы, Қалхожаева Гүлнар Әлайдарқызы, Мажитова Фарида Молдашқызы көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты - өскелең ұрпаққа туған елге деген құрметпен отаншылдық қасиеттерді насихаттау.
Шараға ЖШС «Атамұра» корпорациясы, «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры, ЖОО студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.