2024 жылғы 22 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «24 қазан – Кітапханашы күні» мерекесіне орай «Кітапхана – парасат ордасы» атты салтанатты шара өтті.
Жыл сайын Қазақстанда бұл мереке 24 қазан күні кітапханашы мамандығының беделін арттыру және қоғам өміріндегі кітапханалардың рөлін айтарлықтай нығайту, сонымен қатар кәсіби озат көшбасшыларды анықтау және мамандарды ынталандыру мақсатында атап өтіледі.
⠀
Салтанатты іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен: көпшілік облыстық әмбебап, балалар, жасөспірімдер, арнаулы, қалалық, аудандық және ауылдық кітапханаларының кітапханашылары қатысты.
⠀
Кітапханашыларды әскери оркестрдің сүйемелдеуімен және орталық кіреберіс алаңында мерекелік шерумен ҚР Ұлттық кітапханасының жастары қарсы алды.
⠀
Іс-шара аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызы және ИФЛА - Кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелердің халықаралық федерациясының президенті Викки Макдональдтың бейне-құттықтаулары ұсынылды.
⠀
Сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али; Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Халбеков Арман Бейсенбайұлы; «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Иманқұлова Светлана Кеңесқызы; Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Әлкешев Ниязтай Болатұлы; ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөз сөйледі.
⠀
Шарамыздың әсерлі сәті - мерекеге орай кітапханашы мамандарды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық наградалары: «Мәдениет саласының үздігі», «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатымен» марапаттады.