2024 жылғы 7 – 18 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде Абай облысы Семей қаласының Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының кітапханашысы Доскеева Толқын Орашқызы оқудан өтті.
Толкын Доскеева құжаттық мұраны сақтау саласындағы заманауи үрдістермен танысты.
Сабақ барысында превентивті сақтаудың: температуралық – ылғалдылық, жарық және санитарлық – гигиеналық бақылау сияқты маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ, жазба мұраны сақтау бойынша технологияларды игерді.
Атап айтқанда, фазалық консервациялау, құжаттардың зақымдану себептері мен түрлері, биологиялық зақымданған құжаттарды өңдеу әдістері, физикалық - химиялық тұрақтандыру, қағаз негізіндегі кітаптарды қалпына келтіру, түптеуді дайындау, Photoshop бағдарламасындағы мұқабаларды әрлендіру негіздері, сирек кітаптар мен қолжазбаларды қалпына келтіру және т.б.
Доскеева Толқын Орашқызы ҚР Ұлттық кітапханасының мамандарына құжаттамалық мұраны сақтау бағытында алған білімдері мен біліктіліктері үшін алғысын білдірді.
Кітапхана маманына ҚР Ұлттық кітапханасының құрылымдық бөлімдермен таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылып, біліктілікті арттыру курсын оқығаны туралы сертификат табысталды.