2024 жылғы 18 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында кино және театр әртісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі Өтекешова Меруерт Қаратайқызының «Қыз-Жібек: махаббат пен табыстың үйлесімі» атты деректі фильмінің көрсетілімі өтті.
Шарада «Қыз Жібек» фильмнің басты кейіпкерлерін сомдаған театр және кино актері, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімов және «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова сөз сөйлеп, «Қыз Жібек» фильмінің түсірілім кезіндегі естеліктермен бөлісті.
Деректі фильм 60-70-ші жылдар мен қазіргі заманның параллельді тұстары мен трансформациясы туралы баяндайды. Қазақ кинематографиясы тарихындағы 50 жыл ішінде ұлттық мәдениеттің кино маржанына айналған Сұлтан Қожықовтың «Қыз – Жібек» киноэпосымен тең дәрежеде көтерілген бірде-бір туынды неге орын алған жоқ деген сұраққа жауап іздеу. Фильм сүйіспеншілік, барлық жағдайларға қарсы күрескен, шығармаға жүрегінің бір бөлігін, тіпті өмірін берген кинорежиссерлер тобы туралы.
Режиссер: А. Өтекешева
Продюсер: М. Өтекешева
Сценарий: И. Смайылова
Компания: «Қыз Жібек» қайырымдылық қоры.
Қатысушылар: кино саласының мамандары, мемлекет және қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |