2024 жылғы 14-18 қазан аралығында ҚР Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебінде Семей қаласы Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы мамандары іс-тәжірибелік оқудан өтті.
Тыңдаушылар халықаралық және ұлттық құжаттармен, библиографиялық жазба құру ережелерімен, каталогтаудың негізгі қағидаларымен, ҚР Ұлттық кітапхананың ғылыми-әдістемелік, қорды толықтыру және анықтама-ақпараттық қызметінің жұмыстарымен танысты.
Дәрістер және тәжірибелік сабақтар отандық Web-RABIS кітапханалық-ақпараттық жүйесінің 5 модулі бойынша жүргізілді. Қатысушылар сабақ барысында іс-тәжірибе алмасып, кітапханада өткен іс-шараларға белсене қатысты.
Тыңдаушыларға ҚР Ұлттық кітапхана бойынша және «Alatau Creative Hub» орталығына таныстыру экскурсиялары ұйымдастырылды.
Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.