+7 (727) 267-28-83

Ершуов гл

2024 жылғы 15 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ақын Аманқос Ершуовтың «Қасиетті қазына», «Бармақбайдың басынан кешкендері», «Ақмешіт» атты кітаптарының және ақын, прозашы, Қазақстан Жазушылар одағы мен Еуразия Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Маржан Ершудың «Қыпшақ Қоңыр» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараның модераторы ақын, прозашы, Қазақстан Жазушылар одағы мен Еуразия Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Маржан Ершу.

Тұсаукесер рәсімінде жазушы, ғалым, философия ғылымдарының докторы, Халықаралық «Алаш»сыйлығының лауреаты Нұрдәулет Ақыш; филология ғылымдарының докторы, профессор, түркітанушы Ерден Қажыбек; ақын, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері АқұштапБақтыгереева; Оңайша Мақсымқызы Мандоки (Мажарстан); Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылымдар академиясының бөлім басшысы, түркітанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Кадырали Конкобаев; Орталық Музей директоры Рашида Харипова; Иштван Қоңыр Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектеп директоры Қаламқас Алмасбаева; Иштван Қоңыр Мандоки атындағы жас ғалымдар ғылыми орталығының жетекшісі Сержан Нұрашев және т.б. жоғарыда аталған төрт кітапқа тоқталып, жылы лебіздерін білдірді.

Кітаптың лентасын: Н. Ақыш, А. Бақтыгереева, Е. Қажыбек, О. Мандоки, К. Конкабаев, Р. Хариповалар қиды.

Қатысушылар:ақын-жазушылар, студенттер, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары және БАҚ өкілдері.

Ершуов 1   Ершуов 2   Ершуов 4   Ершуов 3