2024 жыл 08-13 қазан күндері Ереван қаласында (Армения) Месроп Маштоц атындағы «Матенадаран» көне қолжазбалар ғылыми-зерттеу институтында ҚОЛЖАЗБАЛАР МЕН БАСПА МҰРАЛАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АТТЫ (FACES OF MEMORY: The Latest Technologies for Preservation and Restoration of Manuscript and Printed Heritage) XIIІ халықаралық ғылыми семинарға Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасынан Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі Гүлшат Абикова және Консервация, қалпына келтіру және түптеу орталығының қызметкерлері Ұзынжасова Гүлнар және Скендер Нұрдәулет қатысып қайтты.
Семинарда Г.Абикова ҚР Ұлттық кітапханасының сирек қорындағы шығыс қолжазбаларын зерттеу және каталогтау (Study and Cataloging of Oriental Manuscripts from the Rare Collection at the National Library of Kazakhstan) тақырыбында баяндама жасады.
Консервация, қалпына келтіру және түптеу орталығының қызметкерлері Ұзынжасова Гүлнар және Скендер Нұрдәулет семинар қонақтары Ватикан кітапханасының консервация және консервация бөлімінің басшысы Ангела Нуньес Гайтанның «Ватикан кітапханасындағы сақтау және консервация, Түптелетін кітаптағы буын бифолиясын консервациялау, магниттермен пергаментті тегістеу», Лейден университеті кітапханасының Консервация студиясының жетекшісі Карин Шепердің «Ислам қолжазбаларының байланыстырушы құрамдас бөліктері: тарихи композициялық құрылым мен функционалдылықты сақтау, Консервациялық емдеуде шеткі жолақ құрылымын пайдалануды түсіну», Месроп Маштоц атындағы «Матенадаран» көне қолжазбалар ғылыми-зерттеу институты аға реставраторлары Сусанна Барсегян и Тагуи Чентеретчян Армян түптеу бауының қалыптасуы атты теориялық және практикалық Мастер-класстарына қатысты.
ХІІІ-ші рет өткізіліп отырған халықаралық ғылыми семинар Армения Республикасы Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігінің, Армениядағы Еуропалық Одақ және Араратбанктің қолдауымен өткізілді.
Шара жұмысына 15-тен астам елден (Қазақстан, Бельгия, Грузия, Индия, Италия, Латвия, Литва, Молдова, Нидерланды, Франция және т.б.) 40-қа жуық маман қатысып баяндама жасап, шеберлік сабақтарына қатысты. Сонымен бірге семинарға қатысушылар Матенадаран мұражайында сақтаулы армян және шет тілдеріндегі қолжазба үлгілерін тамашалады.