10 қазанда Түркістан облыстық Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының үлкен залында «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» (ҚКО) заңды тұлғалар бірлестігінің жыл сайынғы жылжымалы жұмыс отырысының ашылу салтанатында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық кітапханалық Одақтың төрағасы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы Абай атындағы Абай облыстық әмбебап кітапханасына 140 жылдығымен, Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына 90 жылдығымен, Астана қаласы әкімдігінің ОКЖ 50 жылдығымен құттықтап кітапхана басшыларына құттықтау хаттарын табыстады.
Астана қаласының ОКЖ, С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына, Абай облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасына Қазақстандық Кітапханалық Одақтың атынан кітапхананың техникалық базасына Laptop сыйға тартты.
Сондай-ақ, әр өңірде кітапхана саласының, кітапханашы мамандығының дамуына зор үлесін қосып жүрген кітапхана мамандарын мерейтойларымен құттықтап, марапаттады.
Жетісу облысы Талдықорған қаласының В.Маяковский атындағы Орталықтандырылған кітапханалары жүйесінің директоры Сейтжанова Күлпан Қалкенқызы 60 жас.
ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың атқарушы директоры Юсупова Ажар Хамитқызы 60 жас.
ҚР Ұлттық кітапханасының Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі, Қазақстандық Кітапханалық Одақ хатшысы Маханбетова Гүлмира Абылайханқызы 60 жас.
Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Алматова Сәуле Ахметқызы 50 жас.
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызы 50 жас, «ҚР Кітапхана ісінің ардагері төсбелгісімен».
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы 50 жас, «ҚР Кітапхана ісінің ардагері төсбелгісімен».
Түркістан облыстық әмбебап ғылыми “Фараб” кітапханасының директоры Шардарбекова Жанат Сәдібекқызы 50 жас, «ҚР Кітапхана ісінің ардагері төсбелгісімен».
Шымкент қаласы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми кітапханасының директоры Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы “Қазақстанның құрметті кітапханашысы” төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар, Бәйдібек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің суретшісі Нураханов Бақытжан Асылханұлы «Бауыржан Момышұлы» атындағы «Батыр шапағаты» төсбелгісімен;
Арыс аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде жұмыс жасаған, ардагер кітапханашы Даулетбаева Ұлмаш Сафиқызы «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен;
Созақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде жұмыс жасаған, ардагер кітапханашы Қыстаубаева Айтбала Бейсжанқызы «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен;
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Бердібекова Әсел Тұрсынбайқызы «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
|||
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
|||
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |