+7 (727) 267-28-83

2 4 гл

2024 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Р. Бердіғалиева атындағы Кітапханатану залында теориялық және өндірістік кәсіби оқыту үйлесімін біріктіруге арналған дуалды білім беру жүйесі негізінде Қазақ Ұлттық мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті «Кітапханалық ақпараттық технология және кітапхана ісі» кафедрасының оқытушы профессор құрамы мен 6В03201 – Кітапхана ісі білім беру бағдарламасы бойынша 2-4 курс студенттеріне Каталогизатор мектебі аясында оқу-тәжірибелік шеберлік сабақтар ұйымдастырылды.

Ақпараттық ресурстар қызметі мен Кітап қорын толықтыру қызметінің мамандары «Құжаттарды аналитикалық-синтетикалық өңдеу», «Кітапханалық каталог», «Кітапханадағы инновациялық қызмет» пәндеріне байланысты «Web-RABIS» модулінің ерекшеліктері жәнепайдалану, қорды толықтыру, библиографиялық деректер базасын қалыптастыру, библиографиялық жазбаларды дайындау, әмбебап ондық жіктеуережелері бойынша шеберлік сабақтар өткізді.

Қатысушылар оқу-тәжірибелік шеберлік сабақтарымен танысу мүмкіндігі үшін кітапхана қызметкерлеріне алғыс білдіріп, ой-пікірлерімен алмасты.

2 4 1   2 4 2   2 4 3   2 4 4