2024 жылғы 4 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының 3 қабатындағы фойеде «Жаңбыр балаларына (аутизм)» арналған «Мені өз әлеміңе шақыр» байқауының қорытындысы бойынша суретшілер көрмесі өтті.
Бұл жоба жаңбыр балалары үшін әлеуметтік тұрғыда өте маңызды.
Байқауға өтінімдер тек Қазақстаннан ғана емес, алыс шет елдерден де келді.
Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы, «Азияның Шығармашылық Богемиясы» қоғамдастығы, Eurasian Creative Guild London, «Арон Күл-Тегін» қоры.
Байқау 4 номинациядан тұрды:
- «Кәсіби маманның үлесі» – кәсіби суретшілер үшін;
- «Мен сені түсінемін» – әуесқой суретшілер үшін;
- «Сен менің досымсың» – 16 жасқа дейінгі балалар үшін;
- «Богемиялық жанашырлық сыйлығы» – барлық қатысушылар үшін.
Қатысушылар: Суретшілер, байқау қатысушылары, «Азияның Шығармашылық Богемиясы» қоғамдастығы мүшелері және т.б.