2024 жылғы 4 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова залында Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Тарихи демография және Қазақстан халқы Ассамблеясы бөлімі «Қазақстанның ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қалалары (әлеуметтік-мәдени феномен ретінде: этнодемографиялық және әлеуметтік-мәдени даму)»жобасы аясында ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.-А.Х. Асылбектің 95 жылдығына арналған «ХХ ғасырдың І-жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық және мәдени даму мәселелері»тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өткізді.
Конференция модератор - Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Бас директорының кеңесшісі, т.ғ.к., қауымдастырылған пофессор Шашаев Әуезхан Қадыржанұлы және «Интеллект Орда» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулердің халықаралық интеграция институтының директоры, т.ғ.д., профессор Мажитов Саттар Фазылұлы жүргізді.
Ғылыми-тәжірбиелік конференцияда ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің төрағасы Ғ.Ж. Жанқуатов; Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, профессор З.Е. Қабылдинов; ҚР ҰҒА Президенті, академик М.Ж. Жұрынов; Қазақстан Ғалымдар одағының президенті; ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, э.ғ.д., профессор О. Сабден сөз сөйлеп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Ғылыми-тәжірбиелік конференция шеңберінде академик М.Х. Асылбектің ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан қалаларындағы әлеуметтік-демографиялық және мәдени процестерді зерттеу мәселелеріне қосқан үлесі жайлы шетелдік (Түркия, Өзбекстан, Азербайжан, Ресей, Тәжікстан, Германия, Қырғызстан) және қазақстандық ғалымдар баяндама жасады.
Сонымен қатар, «Мәлік-Айдар Асылбеков: Өнегелі өмір», «Мәлік-Айдар Асылбеков: Биобиблиография көрсеткіші», «Население Казахстана по Всесоюзной переписи населения 1939 года», «Население Казахстана по итогам Всесоюзнох переписей населения 1937 и 1939 годов» архив құжаттары мен материалдар жинағының және «Қазақстанның ХХ ғасырдың 20-40 жылдардағы демографиялық тарихы» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.