«Қазақстан кітаптары» қызметінің О. Жандосов атындағы оқу залында ақын, аудармашы, сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай «Сатираның сайыпқыраны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Шона Смаханұлы 5 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданының Ойық ауылында дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Соғыстан кейін бірнеше жыл ауыл мектебінде мұғалімдік қызмет атқарған.1956 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін сырттай , кейін Увзучпедгизде редактор болып жұмыс істеген.
1957 жылы «Мектеп» баспасында редактор, 1958-1963 жылдары «Қазақстан мұғалімі» газеті редакциясында бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. 1964-1968 жылдары «Ара» сатиралық журналында фельетоншы болып жұмыс істеген. 1973-1983 жылдары - «Жазушы» баспасында редактор, кейін редакция меңгерушісі болған.
1950 жылдан бастап әдеби шығармашылықпен айналыса бастаған. Көптеген сатиралық өлеңдер жинақтарының авторы. Модуньоның «Ринальдо шайқасқа барады» атты оперетталары, Эрвенің «Мадемуазель Нитуше» мәтіндері аудармаларының авторы. Сонымен қатар бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылған.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен және медальдармен марапатталған. Жазушының құрметіне орай Алматы қаласындағы N 62 мектеп-гимназиясына есімі берілген.
Көрменің мақсаты – қазақ әдебиетінің көркеюіне үлес қосқан көрнекті қазақ сатиригі Шона Смаханұлының өмірі мен шығармашылығын оқырманға таныстыру.
Кітап көрмесі үш бөлімнен тұрады. Көрменің «Шона – сатира жанырының майталманы» атты бірінші бөлімінде ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар: энциклопедиялар, библиографиялық анықтамалықтар және ол туралы әдебиеттер көрсетіледі.
«Тілім деп өткен өмірі» атты екінші бөлім оқырмандарды ақынның шығармаларымен таныстырады: «Қу түлкінің сыбағасы» (1961); «Витриол» (1968); «Ұр, тоқпағым, ұр!» (1970); «Сандықтан шыққан сайтан» (1977); «Молдекең тек тамсанды...» (1982); «Жасырайық несіне» (1983); «Үміт жұлдызы» (1984); «Өткірдің жүзі» (1985); «Шымшыма» (1992) және т.б.
«Ұлттық мұрат тұғыры» атты үшінші бөлімде Қазақстанның белгілі жазушылары Шона Смаханұлы жайында жариялаған мақалалары берілген: «Ақиқат айнасы» (2008); «Па, шіркін, пародия!..» (2009); «Сырымды айтайыншы» (2010). «Тәуелсіздік тынысым» (2011); «Қалай болса – солай» (2011); «Жұлдыздар отбасы» (2012); «Көрмейін десем көзім бар» (2014); «Күлкі күлкі» (2019); «Асыл ағалар» (2020) және т.б.
Кітап көрмесіне шақырамыз!