2 қазанда Үндістан кітап бұрышы жұмысының форматында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Алматы қаласындағы Үндістан Елшігінің Өкілдігінің және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің қолдауымен үнділік саясат және қоғам қайраткері Махатма Гандидің 155 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті.
Іс-шараны алғы сөзбен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х. Юсупова ашты.
Модераторы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Индология кафедрасының меңгерушісі. А.А. Еслямғариев.
Әдеби-музыкалық кешке Алматы қалдасындағы Үндістан елшілігінің консулы Котхаваде Свапнил Шарад мырза, Үндістан Республикасы Ұлттық мұрағаты директорының орынбасары доктор Санджай Гарг мырза; ф.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі Д.М. Көкеева; Қазақстандағы және Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз үнді классикалық би орталығының директоры және хореографы А.Е. Қайназарова қатысты.
Іс-шарада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Индология кафедрасының аға оқытушылары: З.Е.Искакова, Б.С.Бокулева, С.А. Исмағұлова; М.Ганди атындағы дарынды балаларға арналған №92 ҚМУ мамандандырылған мектеп-лицейі директорының орынбасары М.Б. Әбілқасым; оқытушы Қ.Қабдолдин; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Индология кафедрасының 3 курс студенті Д.Васильев.
Баяндамаларда ХХ ғасырдағы ең ірі саяси және рухани көшбасшылардың бірі Махатма Гандидің өмірі мен қызметі және оның өз халқы үшін тең құқықтарға қол жеткізудегі рөлін атап өтілді.
Іс-шараға «Менің өмірім - менің жолдауым» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде қазақ, орыс, ағылшын, хинди тілдеріндегі материалдар ұсынылды. Көрмеге ҚР Ұлттық кітапханасы Әлем әдебиеті қызметінің топ жетекшісі Т.А. Замзаева шолу жасады.
Кештің ерекшелігі үнді әуенін сыбызғы мен домбырада орындау болды. Кеште студенттер мен мектеп оқушылары М.Гандидің афоризмдері, ол туралы қазақ, орыс, ағылшын, хинди тілдерінде өлеңдер мен әндер орындады.
Іс-шара соңында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Алматы қаласындағы Үндістан елшілігі өкілдігінің алғыс хаттары табыс етілді.