2024 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Әлем әдебиеті қызметінің кітапханашысы Матақбаева Гүлмира Қырғызбайқызы ҚР Мемлекеттік орталық музейінде өткен «Даму, инновация және ашықтық: Қытай жаңғыруының жаңа дәуірдегі жетістіктері» атты көрменің ашылуына қатысты.
Көрмеде Қытайдың соңғы жылдардағы (2012-2024 жж.) түрлі салалардағы жетістіктері мен модернизация үдерісін айқын көрсететін 60-тан астам фотосуреттер қойылған.
Ұйымдастырушылар: ҚР Мемлекеттік орталық музейі, Алматы қаласындағы ҚХР Консулдығы.
Көрменің мақсаты – мәдени байланыстарды дамытуға және Қытай тарихына, мәдениетіне және өнеріне арналған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған, музей мен Қытай консулдығы арасындағы 20 жылдан астам жемісті өзара іс-қимыл дәстүрін жалғастыру.
ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Харипова Рашида Ерімқызы құттықтау сөз сөйледі, сонымен қатар сөз сөйлегендер: Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулы Цзянь Вэй ханым; Алматы қаласындағы ҚР Сыртқы істер министрлігі өкілдігінің кеңесшісі Аренов Алмат Арыстанұлы; сарапшы, қытайтанушы Кәукенов Әділ Серікұлы.
Көрмеге келушілер Қытайдың өнеркәсібі мен робототехниканың дамуы және цифрлық өндіріс, ақылды медициналық технологиялар, денсаулық сақтау, білім, ғылым және мәдениет саласындағы жетістіктермен танысуға мүмкіндік алды.