26 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б. Оспанова «Ұлттық кітапхана –еліміздегі кітапханалардың ғылыми және әдістемелік орталығы» атты халықаралық дөңгелек үстелге қатысып, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы – еліміздегі кітапханалардың ғылыми-әдістемелік және үйлестіру орталығы» атты баяндама жасады.
Дөңгелек үстелді Ресей ұлттық кітапханасы (Санкт-Петербург қ.) Еуразия Кітапханалық Қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел аясында ғылыми және әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың жалпы принциптері, тәжірибе алмасу, сондай-ақ кітапханалар арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Дөңгелек үстел жұмысына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан ұлттық кітапханаларының, сондай-ақ Ресей мемлекеттік кітапханасының өкілдері қатысты.