18 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапхананың директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы мен Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Маханбетова Гүлмира Абылайханқызы Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 90 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған «Қарағанды09: еркін диалог аймағы» Халықаралық OpenTalk шарасына қатысты.
Халықаралық OpenTalk шарасының ұйымдастырушылары: Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы; Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.
Іс-шараның мақсаты – қазіргі заманғы кітапханалық қызметтің теориялық және практикалық бағыттарын талқылау, көпшілік, ЖОО-ның кітапханаларының, музейлер мен архивтердің өзара әрекеттестігі, сондай-ақ Қазақстан және шет елдердің кітапханалар жұмысының креативті әдістемелері және табысты тәжірибелерімен алмасу.
Халықаралық OpenTalk жұмысына Ресей, Түркия мемлекетінен қонақтар, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Ұлттық кітапханасының өкілдері, Қазақстанның облыстық әмбебап кітапханаларының, балалар мен жасөспірімдер кітапханаларының, облыстық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің, Қарағанды облыстық архив және музейінің Қарағанды облыстық архив және музейінің мамандары мен жетекшілері, Қарағанды ЖОО кітапханаларының жетекшілері, жазушылар, Қарағанды ЖОО оқытушылары, қоғам қайраткерлері шақырылды.
Шараның ашылу салтанатында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы бұқаралық ақпарат өкілдеріне арналған брифингке қатысып, Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымын 90 жылдық мерейтойымен құттықтап, кітапхана директоры Шаймуханбетова Айнұр Сәкенқызын «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапаттады.
Сонымен қатар, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың атынан кітапхананың техникалық базасына Laptop сыйға тартты.
Панельдік сессиянның отырысында ҚР Ұлттық кітапхананың директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы «Қазақстан кітапханалары қызметіндегі ұлттың мәдени коды» тақырыбында баяндама жасады.
Панельдік сессия отырысынан кейін қатысушылар шеберлік сыныптарда, шығармашылық және дискуссиялық алаңдарда, питч-сессияларда өз жұмыстарын жалғастырды.