18 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру – кітапхана қорларының сақталымын қамтамасыз етудің негізі» тақырыбында халықаралық семинар – тренинг жұмысы жалғасты.
Семинардың үшінші күні РФ ММ Архив, кітапхана материалдары және графика туындылары секциясы аттестаттау комиссиясының мүшесі, И.Э.Грабарь атындағы Бүкілресейлік көркем ғылыми-қалпына келтіру орталығының жоғары санатты суретші-қалпына келтірушісі Е.В. Мымрина «Құжатты қалпына келтіру» тақырыбы бойынша секциямен шеберлік сабақтарын өткізді. Ол семинарға қатысушыларды реставрациялық қағаздардың түрлері және оларды таңдау принциптерімен; жұмыста қолданылатын желімдер, олардың түрлері, дайындалуы, рецептурасымен таныстырды; сондай-ақ мөрлер мен мөртабандарды бекіту, нығайту технологиялары, парақтың жоқ жерлерін қолмен толтыру және қағаз негізін нығайту жөніндегі әдістемелері көрсетілді.
Халықаралық семинарға қатысушылардың пікірінше, аталған тренинг ҚР Ұлттық кітапханасының құжаттарын консервациялау және реставрациялау бойынша мектеп форматында талап етілетін және уақтылы іс-шара болып табылады. Өйткені Қазақстанның кітапханалары, архивтері мен мұражайларының штаттары деректі мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру саласындағы білімдерін, кәсіби құзыреттерін арттырып, жаңа достар, пікірлес адамдар тауып, жас мамандармен толықтырылады.