2024 жылғы 17 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ҚР Ұлттық кітапханасының, «Шынжаң газеті», «Көршілес» журналы, «Шығыс әдебиеті» баспаларының ұйымдастыруымен «Әдеби достық шуағы» атты мәдени іс-шара өтті.
Шараның мақсаты – Қазақстан мен Қытай арасындағы әдеби достастық аясындағы қарым-қатынасты дамыту.
Шараның модераторы - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, аудармашы Саят Қамшыгер.
Іс-шарада Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, ақын Қасымхан Бегманов; Алматыдағы Қытай бас консулдығының вице-консулы Люй И.; ҚР Мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Маралтай Райымбек; Әлем Халықтары Жазушылары одағының мүшесі Жолдыбай Мұзафар және т.б. шығыстанушы ғалымдар, ақын-жазушылар сөз сөйледі.
Сондай-ақ, шара барысында Қытайдың шай рәсімі, қағаз қима өнері, қытай классикалық ертегілерінің суретті кітап көрмесі, Қытай тақырыбына қатысты қазақ тіліндегі кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қытай тілінде білім алып жатқан студенттері Қытайдың Таң дәуірі поэзиясын оқып, дәстүрлі әнші Өмірғалы Мадияр ән шырқады.
Қатысушылар: Алматыдағы Қытай бас консулдығының өкілі, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану институтының өкілдері, Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің оқытушылары мен студенттері, кітапханашылар, оқырмандар және БАҚ өкілдері.