17 қыркүйекте «Құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру – кітапхана қорларының сақталымын қамтамасыз етудің негізі» атты халықаралық семинар-тренинг жұмысы «Былғары түптеулерді тұрақтандыру» және «Құжаттардың зақымдануы: сәйкестендіру» секцияларында шеберлік сабақтармен жалғасты.
Секциялардың жүргізушілері – Шилова И. А. және Кащеев А. А. Халықаралық семинар - тренингке қатысушылар: Қырғызстан, Ресей өкілдері, сондай-ақ мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру саласында тәжірибесі бар Қазақстан кітапханаларының, мұрағаттарының, мұражайларының реставратор-мамандары.