2024 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру – кітапхана қорларының сақталымын қамтамасыз етудің негізі» атты халықаралық семинар-тренингінің салтанатты ашылуы өтті.
Халықаралық семинардың ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, М. Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасы, И.Э.Грабарь атындағы Бүкілресейлік көркем ғылыми-қалпына келтіру орталығы, IFLA/РАС сақтау және консервация негізгі бағдарламасының Орталық Азия бойынша өңірлік орталығы және IFLA/РАС Шығыс Еуропа бойынша өңірлік орталығы.
Семинар Орталық Азия бойынша IFLA/РАС сақтау және консервациялау жөніндегі негізгі бағдарламасы өңірлік орталығының және ҚР Ұлттық кітапханасының Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінің қызметі аясында ұйымдастырылды.
Пленарлық отырысты ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашты.
Құттықтау сөз сөйлегендер: Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Орталық ғылыми кітапханасының директоры Ширин Джапаровна Ибраимова; Роза Михайлқызы Сальникова, М. Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасы Құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру орталығының жетекшісі; Мымрина Евгения Владимировна, Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі аттестаттау комиссиясының, архив, кітапхана материалдары және графика туындылары секциясының мүшесі, И.Э. Грабарь атындағы Бүкілресейлік көркем ғылыми-қалпына келтіру орталығының жоғары санатты суретші-қалпына келтірушісі; Кащеев Алексей Анатольевич, И.Э. Грабарь атындағы Бүкілресейлік көркем ғылыми-қалпына келтіру орталығының химия-технологиялық экспертиза жөніндегі сарапшысы; Алтынбекова Элина Қырымқызы, «Қырым аралы» ғылыми-қалпына келтіру зертханасының зерттеушісі, қалпына келтірушісі; Сәрсенбаева Ботагөз Шағалықызы, химия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Ғылыми консервациялау зертханасының жетекшісі, IFLA/РАС Орталық Азия бойынша өңірлік орталығының үйлестірушісі.
Іс-шараның модераторы ҚР Ұлттық кітапханасы Консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметінің жетекшісі Шоманова Аида Мұратқызы болды.
Пленарлық отырыс кітапхана қорларын алдын-ала консервациялау бойынша ресейлік мамандар А.А. Кащеев пен Е.В. Мымринаның сабақтарына жалғасты.
Тәжірибелік сабақтар аяқталғаннан кейін семинар қонақтарына ҚР Ұлттық кітапханасы мен ҚР Орталық мемлекеттік мұражайына экскурсиялар ұйымдастырылды.