Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрайымы, “Құрмет” орденінің иегері, Мәдениет саласының үздігі Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызымен кездесу кеші өтті.
Кітапхана ісінің майталманын кітапхана қызметкері, айтыскер ақын Мейіржан Жақыптың арнауымен қарсы алдық.
Келелі кездесуге ҚР Ұлттық кітапханасының Қорды толықтыру қызметінің жетекшісі Изамбекова Қаншайым Мұсақызы, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері, археолог Ержигитова Айсұлу Асқарқызы, М.Әуезов атындағы ОҚУ доценті, мәдениеттанушы ғалым, ф.ғ.к. Жиенбекова Айнұр Абдрахманқызы және Шымкент қалалық кітапханалардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Кеш барысында 45 жыл кітапхана саласында қызмет істеп келе жатқан Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы кітапханашылардың сұрақтарына жауап бере отырып, өзінің еңбек жолы туралы әңгімелеп берді.
Кеш қатысушыларына Бақытжамал Оспанова туралы «ЕЛ АРНА» телеарнасы түсірген «Линия судьбы» атты деректі филмі көрсетілді.
Кітапхана қызметкерлері Айгерім Алдабергенова, Айдынай Пайызханқызы және Пазыл Санат кітапхана мен кітапханашы туралы өлең оқыса, Динара Тұрмаханова әсем ән шырқады.
Кеш соңында кітапхана саласында ұзақ жыл еңбек етіп, жетістіккке жеткен кітапханашылар Қазақстандық кітапханалық одақтың «Кітапхана ісінің үздігі», «Кітапхана ісінің ардагері», «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгілері және арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.
Кеш модераторы – кітапхана директоры, ф.ғ.к, айтыскер ақын Жаппаркулова Анар Абусайылқызы.