15 тамызда Қазақстанда жыл сайын 18 тамызда атап өтілетін Шекарашылар күніне орай Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жетісу облысының Шекара қызметі департаментінің шекарашылары мен әскери қызметшілері келді.
Шекара қызметінің ел іргесінің ажырамауына себепкер болып, қоғамның тыныштығына, оның ішінде еліміздегі барлық ұлттар мен ұлыстардың ынтымағын, сондай-ақ, мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, ұлан-ғайыр шекарамызды қорғаудағы еңбектері орасан зор.
Шекарашыларға ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Әбдікерімова Жанар Алпысбайқызы және кітапханашы Мәлік Зарина Меирхатқызы «Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі - Сағадат Нұрмағамбетов», «Халық қаһарманы - Бауыржан Момышұлы», «Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаев», «Әлия ғұмыр: ерлік пен өнеге», «Шекарашылар - төзімді ұландар» атты және т.б. көрмелерге шолу жасады.
«Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі Барманашева Жанат Әбілқасымқызы Ұлттық кітапхана бойынша және Әлем әдебиеті залында орналасқан шет елдердің кітап бұрыштарымен таныстыру экскурсиясын жүргізді.