+7 (727) 267-28-83

хэмингуэйӘлем әдебиеті залында әйгілі американдық жазушы Эрнест Миллер Хемингуэйдің туғанына 125 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Эрнест Хемингуэй - американдық прозашы және журналист, Нобель сыйлығының лауреаты, ХХ ғасырдың ең танымал жазушыларының бірі. Хемингуэй өзінің романдары мен көптеген әңгімелері арқылы кеңінен танылған, сонымен қатар, оның өмірі де шытырман оқиғалар мен тосын сыйларға толы болды. Жазушының қысқа әрі бай жазу стилі ХХ ғасыр әдебиетіне айтарлықтай ықпалын тигізді.

Эрнест Хемингуэй 1899 жылы 21 шілдеде Иллинойс штатында опера әншісі мен  дәрігердің отбасында дүниеге келген.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Хемингуэй Италияда Қызыл Кресттің ерікті тәртіп сақшысы қызметін атқарды. Әскери ерлігі үшін Хемингуэй екі рет итальяндық орденмен марапатталды.         

Хемингуэйдің алғашқы кітаптары - «Три рассказа и десять стихотворений» 1923 жылы Парижде және 1924 жылы «В наше время» әңгімелер жинағы жарық көрді. 1952 жылы «Лайф» журналы Эрнест Хемингуэйдің «Старик и море» атты әңгімесін жариялады. Бұл жұмысы үшін жазушы 1953 жылы Пулитцер сыйлығымен, ал 1954 жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығымен марапатталды.

Эрнест Хемингуэй жарқын туындылар жасады, олардың арасында «В наше время» (1925), «Прощай, оружие!» (1929), «По ком звонит колокол» (1940) и «Старик и море» (1952) еңбектері бар.

Оның ерекше терең мағыналы шығармаларында дәуірдің кейбір жетекші тенденциялары бейнеленген, сананың жұмысын қалыптастыратын белгілі бір өмір сүру жағдайлары көрсетілген, халықаралық маңызы бар типтер жасалған. Хемингуэйдің шығармашылығы, оның барлық қарама-қайшылықтары мен теңсіздіктері үшін адамзаттың көркем мәдениетіне айтарлықтай үлес қосады. 

Атақты жазушы Эрнест Хемингуэй 1961 жылы қайтыс болды.

Жазушының өмірі бірнеше кинематографиялық шығармалардың туындауына шабыт берді. 1996 жылы британдық режиссер Ричард Аттенбороның  «В любви и войне» фильмі жарық көрді.     

Жазушының 1939-1960 жылдары дейін  өмір сүрген және жұмыс жасаған Куба Республикасындағы «Финка Вихия» үйі қайтыс болғаннан кейін Куба халқына сыйға тартылып, мемлекет қорғауындағы әдеби-мемориалдық мұражайға айналды.

Оның құрметіне астероид (3656) Хемингуэй аталды. АҚШ, Куба, Швеция және Чехословакия сияқты әртүрлі елдердің пошта қызметтері Хемингуэйге арналған маркалар шығарды.

Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Эрнест Хемингуэйдің ағылшын, венгр, неміс, испан және орыс тілдеріндегі кітаптары мен ол туралы әдебиеттер ұсынылды.

 Барлық келушілерді кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз!