2024 жылғы 4 шілдеде ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің ұйымдастыруымен 6 шілде – Астана күніне орай «Астана ‒ бас қала» тақырыбында кітапхана қызметкерлері арасында викториналық іс-шара өтті.
Шараның мақсаты ‒ еліміздің бас қаласының туған күнін назардан тыс қалдырмай, заманауи астанамызды жас мамандарға насихаттау.
Астана – елдің айнасы, ұлт келбеті, еліміздің кіндік қаласы. Сондықтан оның өзгеге ұқсамайтын өз бет-бейнесі бірден–ақ аңғарылады. Бір кездегі облыс орталығы болған қаланың міне, енді өндірісі дамыған, мәдени тұрмыстық жағдайы өркендеген орталықтардың біріне ұсынылады.
Шара аясында Астана қаласына байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Сондай-ақ, шарада Астанаға қатысты қызықты сұрақтар мен интеллектуалды ойындар ойнатылып, белсенді жастар зеректік танытты. Кітапханамыздың алдыңғы толқындары да сайыстан тысқары қалмады.
Қатысушылар: ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері.