2024 жылғы 4 маусымда арабтанушы өзбек ғалымы Камолиддин Шамсиддин Сирожиддин оглы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына 14 ғылыми кітабын сыйға тартты.
Атап айтар болсақ: «Та’рих-и Бухара. История Бухары», «Саманиды: из истории государственности Узбекистана в ІХ-Х вв.», «Марказий осиё тарихи замонавий тарихшунослигидаги ёндашувлар» және т. б.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Ш. С. Камолиддин өзбек, орыс, ағылшын және араб тілдерінде жарияланған 50-ден астам монографиялары мен 350-ге жуық ғылыми мақалалары бар автор. Сонымен қатар, 30-дан астам ғылыми жинақтардың жауапты редакторы.
Сыйға берілген ғылыми басылымдар тарихты зерттеуші мамандарға, шығыстанушы ғалымдарға, географтарға, этнографтарға, сондай-ақ Орталық Азия мен Өзбекстанның ғылымы мен мәдениетіне қызығушылық танытушыларға арналған.