+7 (727) 267-28-83

кім гл

ҚР Ұлттық кітапханасының Әдебиет академиясы оқу залында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қандай кітап оқимыз?» атты әдеби калейдоскоп өтті.

Іс-шараның мақсаты - жас оқырмандардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапты насихаттау, әдебиетке деген қызығушылықтарын ояту, сонымен қатар балаларды білімге тарту.

Іс шара аясында  балаларға арналған қазақ халқының ертегілері, қазақ балалар жазушыларының шығармалары, қазақ тіліне аударылған шетел жазушыларының кітаптары және басқа да көптеген шығармалар ұсынылған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Әдеби калейдоскопқа қатысушылар өздерінің оқыған сүйікті кітаптарымен ой бөлісіп, кітаптың рөлі мен маңыздылығы туралы пікір алмасты.

Шараның модераторы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы "Жас қалам" бірлестігінің, «Әдебиет әлемі» орталығының  жетекшісі, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры Мұратқан Шоқан.

Іс-шараға қатысушылар: «Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі» директорының орынбасары Тұрарбек Шарипов; ақын Ұлан Әділ; «Қағанат» әдеби орталығының мүшелері, жас ақындар - Әлмахан Ақсұңқар, Мадияр Мұқаш, Мыңжасар Атшыбай, Мағжан Жұмағұл, сонымен қатар «Qyr balasy» ҚҚ президенті Жанболат Абайхан; Жас ғалым Қарақат Сағыныш; Ғ. Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының оқушылары.

Шара соңында белсенді қатысушыларға кітаптар сыйға таратылды.

кім 1   кім 2   кім 3