+7 (727) 267-28-83

225 гл2024 жылғы 14 мамырда Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі Тұяқова Салима Тоқтасынқызы және топ жетекшісі Аширова Фарида Гайдаровна Алматы қаласы Білім басқармасының «№46 гимназия» КММ-де өткен А.С.Пушкиннің туғанына 225 жыл толуына арналған іс-шараға қатысты.

4 «В» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Аллахвердиева Лаля Аббасалиевнаның жетекшілігімен «А.С.Пушкиннің ертегілері жолдарында» әдеби-музыкалық композициясын ұсынды.

Концерттік бағдарламаны әдеби үйірме жетекшісі Жангельдина Аида Ізбастықызы жүргізді, онда Александр Сергеевич Пушкиннің әндері, өлеңдері мен ертегілерінің эпизодтары көрініс тапты.

Іс-шараға №46 гимназияның педагогикалыққұрамы және кітапханашы Болатова Гүлдария Аңсағанқызы қатысты.

Аталған кеште С.Т.Тұяқова мен Ф.Г.Аширова ҚР Ұлттық кітапханасында ұйымдастырылған «Әдеби Қазақстандағы А.С. Пушкиннің шығармашылық мұрасы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

Іс-шара барысында белсенді оқушыларға ҚР Ұлттық кітапханасынан естелік кітаптар сыйға тартылды.

225 3   225 4   225 1   225 2