+7 (727) 267-28-83

самарканд гл2024 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы Самарқанд қаласында (Өзбекстан Республикасы) «Самарқанд – ТМД-ның мәдени астанасы – 2024» мемлекетаралық бағдарламасы аясында өткен«Кітапхана достастығы: серіктестік және инновация» атты ТМД кітапханашыларының халықаралық конференциясына қатысып, «Қазақстанның жазба мұрасы цифрлық дәуірде» тақырыбында баяндама жасады.

Конференцияны ұйымдастырушылар: ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қоры, Еуразиялық кітапханалар ассамблеясы, Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жанындағы Ақпарат және коммуникациялар агенттігі және А.Науаи атындағы Өзбекстан Республикасының Ұлттық кітапханасы.

Конференцияға Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрінің бірінші орынбасары Б.М.Ахмедов, Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің директоры А.А. Ходжаев, Ресей мемлекеттік кітапханасының бас директоры, Еуразиялық кітапханалық ассамблеясының президенті, Ресей кітапханалар қауымдастығының вице-президенті В.В. Дуда, Еуразиялық кітапханалар ассамблеясының бас директоры И.В. Гайшун, ТМД елдері кітапханаларының басшылары, жоғары оқу орындарының өкілдері, т.б. қатысты.

самарканд2   самарканд3   самарканд1