+7 (727) 267-28-83

2007 жылдағы Қазақстан кітапханалары: мәліметтер мен сандар/ҚР ҰК. - Алматы, 2008. - 59 б. - қаз. тілінде.

Басылымның негізгі тараулары: Кітапханалар жүйесі; Ауылдық кітапханалар; Модельді ауыл кітапханалары; Стационарлық қызметтен тыс кітапханалық қызмет; Кітап қорын толықтыру; Кітапханаларға бөлінген қаржы; Ақпараттық-құқықтық қызмет; Кітапхана мамандарының саны; Автоматтандыру және материалдық-техникалық база; Қазақстан кітапханаларының даму болашағы; Мәдениет және ақпарат министрлігі жүйесіндегі кітапханалардыц өзекті мәселелері.Шолуда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты көпшілік кітапханалар жүйесін көбейту, жақсарту мақсатында есептік нақты талдаулар жасалған. Республика кітапханаларының жетістіктері мен кемшіліктері салыстырмалы кесте түрінде берілген. Қосымшада кітапханалардың жобалық және бағдарламалық қызметтері қамтылған. Кітапхана ісінің басқару саясатын жаңа көзқарас тұрғысынан негіздеп, ақпараттарға жаңа әдістермен қол жеткізу үшін жүргізіліп жатқан жобалық және бағдарламалық қызметтердің мақсаттары айқын көрсетілген.Басылым мәдениет саласының басшыларына, кітапхана қызметкерлеріне, кітапхана саласын зерттеушілер мен студенттерге арналған.

Бектұрбекова Ф.Қ. Кітапхана қызметіндегі Паблик

рилейшнз (іс-тәжірибелік құрал)/ҚР ҰҚ. - Алматы, 2008. - 72 б. - қаз. тілінде.

Іс-тәжірибелік құрал кітапхана саласындағы қызметкерлерге, кітап-ханашы мамандығынан дәріс беретін мүғалімдер мен студенттерге арналады.