ҚазҰУ-да Мұрат Әуезге арналған халықаралық конференция өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, мәдениеттанушы ғалым, қаламгер Мұрат Әуездің 80 жылдық мерейтойына арналған «Тарихи-мәдени үдерістегі сабақтастық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
⠀
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы арнайы барып, құттықтау сөз сөйледі.
⠀
Тағылымды жиынның мақсаты – Мұрат Мұхтарұлының ғылыми, шығармашылық еңбектерімен қатар қоғамдық және мемлекеттік қызметінің маңызды кезеңдерін саралап, қайраткер қаламгердің рухани мұрасын насихаттау.
⠀
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысы әрі қарай секцияларда жалғасты.
![]() |
![]() |
![]() |
||
![]() |
![]() |
![]() |