19 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің айтулы тұлғаларының бірі, ақын Шарғын Алғазыұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Алаш рухты ақын» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция аясында институт ғалымдарының әзірлеуімен жарық көрген Шарғын Алғазыұлының екі томдық академиялық жинағының тұсаукесер рәсімі болды.
Шараны филология ғылымдарының кандидаты Төрәлі Қыдыр жүргізді.
Шарада ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Нұрлан Оразалин, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Нұржан Қуантайұлы, қоғам қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы Ызғарбек Бектұрсын құттықтау сөз сөйледі.
Конференцияда филология ғылымдарының докторы Дүкен Мәсімханұлы «Шарғын өлеңдерінің жиналуы, жариялануы және зерттелуі», филология ғылымдарының докторы Ақыш Нұрдәулет Бәбіханұлы «Шарғынның заманы»; филология ғылымдарының докторы Орда Гүлжаһан Жұмабердіқызы «Шарғын өлеңдерінің идеялық-тақырыптық сипаты»; филология ғылымдарының кандидаты Сағатбек Медеубекұлы «Алаш рухты ақын»; филология ғылымдарының кандидаты Рақыш Жұмашай Сайлауқызы «Шарғын шығармаларын жарыққа шығару мәселелері»; М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Нұржұма Елесбайұлы «Шарғын шығармаларының жиналуы және сақталуы»; әдебиет зерттеуші Нұрлан Сәрсенбаев «Шарғын ақынның ағартушылығы» және ақынның ізбасары Тілеухан Шарғынұлы «Әке аманаты» тақырыбында баяндама оқыды.
Конференцияға белгілі әдебиеттанушы ғалымдар, зерттеушілер, әдебиетшілер, ақындар мен жазушылар, қоғам қайраткерлері, журналистер, БАҚ өкілдері қатысты.
![]() |
![]() |
![]() |
||
![]() |
![]() |
![]() |