17 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасына Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) тиесілі Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығының (IRCICA, Ыстамбұл) Зерттеу және жариялау бөлімінің басшысы, доктор, профессор Женгиз Томар мен IRCICA-ның үйлестірушісі, тарих ғылымдарының докторы Муминов Әшірбек Құрбанұлы арнайы келді.
Қонақтарды Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Б.К. Оспанова қарсы алды.
⠀
Кездесу барысында Кітапхана мен Орталық арасында өзара тиімді мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық байланыстарын кеңейту мәселелері талқыланды.
⠀
Қонақтар Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) тиесілі Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы шығарған кітаптарын ҚР Ұлттық кітапхана қорына сыйға тартылды.
![]() |
![]() |