17 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында академик, шейх Дербісәлі Әбсаттар қажы Бағысбайұлының «Араб, парсы деректеріндегі Тараз және таразилер (Х-ХХ ғ.)» және «Забытые мыслители великой степи (IX-XX вв.)» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.
Шараның модераторы белгілі журналист Марат Тоқашбаев.
⠀
Шарада Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Өтпенов Наурызбай қажы Тағанұлы құттықтау сөз сөйлеп, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәлелұлы Оспан марқұм Дербісәлі Әбсаттар қажы Бағысбайұлының рухына құран бағыштады. Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Қыдырәлі Дархан Қуандықұлының құттықтау хаты табысталды.
⠀
Лента қию рәсіміне қатысқандар: Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Мемлекет және қоғам қайраткері Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы, генерал Сәт Тоқпақбаев, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Алматыдағы өкілі Мұханова Қайрат Саматұлы, БҰҰ-ның Ғаламдық коммуникациялар департаментінің Басшысы, Властимил Самек және жары Рахия Бәкірқызы.
![]() |
![]() |
![]() |
||
![]() |
![]() |
![]() |