11 мамырда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында жазушы Рахметолла Райымқұловтың 110 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Рахметолла Райымқұловтың әдеби мұрасы: көркемдік және ұлттық мінез» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Қаламгер өнегесі» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесінің мақсаты ─ қарымды қаламгерді халыққа насихаттау, жастарды отансүйгіштікке баулу, өскелең ұрпақ пен оқырмандарды Рахметолла Райымқұловтың шығармашылығымен таныстыру.
Конференция аясында ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Әбдікерімова Жанар Алпысбайқызы мен кітапханашы Шархан Мұхаммед-Қанапия кітап көрмесіне ұсынылған кітаптарға шолу жасады.
Қатысушылар: Рахметолла Райымқұловтың қызы, туған туыстары, немере-шөберелері, зиялы қауым өкілдері, профессорлар, университет оқытушылары мен студенттері, кітапхана мамандары, оқырмандар және т.б.
![]() |
![]() |