5 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай ұжым қызметкерлерінің арасында «Көңілді эстафета» спорттық ойын сайысы өтті.
ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ Оспанова ұжымдағы барлық ер азаматтарды мерекелерімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
⠀
Сайыс «Эстафета жалаушасын алып жүгіру», «Секіртпемен жүгіру», «Доппен кедергілер арасынан жүріп өту», «Жұптасқан ұстаушылар»,«Қаппен жүгіру», «Қол күрес» және «Арқан тарту» турларынан тұрды.
⠀
Кітапхананың әр қабатынан құралған «Жалын», «Ұлан», «Желаяқ» және «Шабыт» командалары өзара сайысқа түсіп, бақ сынасты.
⠀
Нәтижесінде, «Желаяқ» командасы жүзден жүйрік болып, жеңімпаз атанды. Жеңіске жеткен команда мен қалған командалар алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.
⠀
Ұжым қызметкерлері тартысқа толы сайысқа куә болды.
![]() |
![]() |
|||
![]() |
![]() |