+7 (727) 267-28-83

344745127 1471640406972028 1186845266682783186 n

4 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының үлкен залында Алматы қаласындағы 8 ауданның ардагерлер ұйымдары мен орыс этноорталығының қатысуымен екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 78 жылдығына арналған көркемөнерпаздар концерті өтті.

Шараның мақсаты − жастардың патриоттық, отансүйгіштік сезімдерін ояту, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту, өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Шараны қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бижанов Ахан Құсайынұлы құттықтау сөзбен ашты.

Шара аясында Алматы қаласының Бостандық, Алмалы, Медеу, Әуезов, Жетісу, Алатау, Наурызбай және Түріксіб аудандарының ардагерлерінен құралған шығармашылық ұжымдары қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Ардагерлердің шығармашылық ұжымдарының репертуарына соғыс  жылдарындағы кеңес халқының батырлығын дәріптейтін әндер мен өлеңдер енген.

Қатысушылар: БАҚ өкілдері, студенттер, кітапханашылар мен   кітапхана оқырмандары және т.б.

344654866 618167523277311 8191549303741213850 n   344707070 896813291422972 8205962827968776694 n   344796295 923363592267989 1876358248656667757 n  
344882964 250905977445722 174109881861346066 n   344883625 928536768465416 3001609862095321880 n   344912349_185461677764171_2693001128204016070_n.jpg