10 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасында «Шәлкөде мектебі – 100 жыл: тарихы, бүгіні мен даму болашағы» атты офлайн және онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – Шәлкөде мектебінің тарихы, бүгіні мен даму болашағының негізгі мәселелерін талқылау. Мектеп пен әлеумет арасында диалогтық алаң ұйымдастыру.
Конференцияны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанова ашып, Шәлкөде мектебі кітапханасының мамандарына Ұлттық кітапхананың марапаттарын табыстады. Шараны модератор – «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиосының Алматы филиалының басшысы, танымал журналист, ақын Бақыт Жағыпар жүргізді.
Шара аясында қатысушылар бір ғасыр тарихы бар мектептің мерейтойымен құттықтап, баяндамаларын оқыды. Өз кезегінде мектептің ардагер ұстаздары Ж. Мұқаев, Т. Алғазиев, Ә. Ақылбаев және түлектері сөз сөйлеп, өздерінің ізгі тілектерін білдірді. Онлайн форматта Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ауыл мектептерін және шағын жинақты мектептерді дамыту зертханасының меңгерушісі, ф.ғ.к. А.Н. Мукушева құттықтап, марапаттарын табыстады.
Конференцияға ғалымдар, ЖОО оқытушылары, сарапшылар, тарихшылар, PhD докторанттар, магистранттар, БАҚ өкілдері және студенттер қатысты.
![]() |
![]() |
|||
![]() |
![]() |
![]() |